сейсенбі, 22 қазан, 2024 22:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бас консулдық Түркиядағы Қазақстан азаматтарынан сақ болуды сұрады

Бас консулдық Түркиядағы Қазақстан азаматтарынан сақ болуды сұрады
ашық дереккөзі
Бас консулдық Түркиядағы Қазақстан азаматтарынан сақ болуды сұрады
Бүгін жергілікті уақытпен 16:20-да Ыстанбұлдың Истикляль көшесінде жарылыс болды. Салдарынан 6 адам қаза тауып, 53-і жарақат алды. Осы орайда Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы Түркиядағы отандастарымызды сақ болуға шақырды. Жарылыс Ыстамбұлдың Бейоглу ауданындағы Истикляль көшесінде болды. Оқиға орнында жедел медициналық көмек бригадалары, құтқарушылар мен өрт сөндіру қызметі жұмыс істеп жатыр. Ыстанбұл губернаторлығының мәліметінше, жарылыс салдарынан 6 адам қаза тауып, 53 адам зардап шеккен. ҚР Ыстанбұлдағы Бас консулдығы Түркиядағы қазақстандықтарға, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде барынша сақ болуға кеңес береді. Қазақстанның шетелдік өкілдігі түрік билігімен байланыста. Зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат жоқ. Ыстанбұлдағы ҚР Бас консулдығының байланыс телефоны +90 212 662 53 49.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар