сейсенбі, 22 қазан, 2024 20:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

“Оқуға қайтсын”: Путин әскерге шақырылған ДХР және ЛХР студенттерін демобилизациялады

“Оқуға қайтсын”: Путин әскерге шақырылған ДХР және ЛХР студенттерін демобилизациялады
ашық дереккөзі
“Оқуға қайтсын”: Путин әскерге шақырылған ДХР және ЛХР студенттерін демобилизациялады
Владимир Путин бұрын әскери қызметке шақырылған ресейліктердің бір санатын демобилизациялауға бұйрық берді. Бұл туралы РФ президенті баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды Жамбылинфо Адырна ұлттық порталына сілтеме жасап. Ресей президентінің тапсырмасы Донецк және Луганск халық республикаларының (ДХР және ЛХР) студенттеріне қатысты болады. Оның үстіне оларды оқуға қайтару керек. «Қазіргі уақытта халық жасақтарының күштері Ресейге ДХР мен ЛХР кіргеннен кейін РФ-ның Қарулы Күштеріне біріктірілді. Путин студенттерді демобилизациялауды және олардың оқу орындарына оралуын ұйымдастыруды тапсырды», - деді Кремль өкілі. Естеріңізге сала кетейік, 31 қазанда Ресей Қорғаныс министрлігі ішінара жұмылдыру аясында шақыру қағаздарын дайындау және тапсыру шаралары тоқтатылғанын хабарлады. Алайда Путин жұмылдыруды аяқтау туралы Жарлыққа қол қоймады және бұл мәселе бойынша заңгерлермен кеңескенін мәлімдеді. Кремль өз кезегінде жұмылдыру аяқталғаннан кейін заңгерлердің қорытындысын жариялауды қажет деп таппады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар