Жаңалықтар
Баспана алу: жас отбасыларға қандай мемлекеттік қолдау көрсетіледі?
- авторjambylinfo.kz
- 17 маусым, 2021
- 176
Баспана алу: жас отбасыларға қандай мемлекеттік қолдау көрсетіледі?
ҚР ИИДМ қазақстандық жас отбасыларға пәтер сатып алуға мүмкіндік беретін мемлекеттік қолдаудың жеңілдікті шарттарын айтып, қолданыстағы және әкімдіктер әзірлейтін тұрғын үй бағдарламалары туралы хабардар етеді.
ҚР ИИДМ мәліметінше, қолданыстағы «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында «Отбасы банк» АҚ арқылы жылдық 2% жеңілдікпен несие беру көзделген. Нысаналы топ – кезекте тұрғандар, атап айтқанда, көп балалы, толық емес отбасылар және мүгедек балалары бар жанұялар.
Бүгінге дейін аталған бағдарлама бойынша табысы төмен санаттағы 9443 отбасы баспаналы болды.
Кезекте тұрған тағы 17 мыңында «5-10-20» мемлекеттік бағдарламасы бойынша пәтер сатып алуға қарыз алу мүмкіндігі бар. Олар тұрғын үй құнының 10% бастапқы жарнасын төлеп, 5%-бен 20 жылға дейін несие ала алады.
Бұл мақсатқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 210 млрд теңге бөлінген болатын. Аталған бағдарлама бойынша 9 699 отбасы пәтер сатып алуға несие рәсімдеген.
2020 жылдың шілдесінде банк жас отбасыларға арналған «Жас отбасы» атты өзінің тұрақты бағдарламасын іске қосты. Бастапқы және қайталама нарықтарда тұрғын үй, сондай-ақ өз үйін салу үшін жер учаскесін сатып алу үшін қарыздар жылдық 6%-пен беріледі. Ал 2 жыл өтісімен мөлшерлеме 5%-ке дейін төмендейді. Несиелеу мерзімі 6 жылдан 9 жылға дейін.
Бұл бағдарламада ерлі-зайыптылардың жасына және отбасындағы балалардың санына ешқандай шектеулер жоқ. «Жас отбасы» бойынша қарыз алудың негізгі критерийлері: некеде 3 жылдан 5 жылға дейін тіркелу, «Отбасы банкте» депозиттің болуы (ашылуы), тұрғын үй құнының 50%-ін жинақтау. Сондай-ақ, сатып алынатын тұрғын үй сомасының 50%-ін бір мезгілде салған кезде жеңілдікті қарыз алу мүмкіндігі бар.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Олимпиадаға баратын балуандар Анадолы елінде анықталады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024