жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 6:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Олимпиадаға баратын балуандар Анадолы елінде анықталады

Олимпиадаға баратын балуандар Анадолы елінде анықталады
ашық дереккөзі
Олимпиадаға баратын балуандар Анадолы елінде анықталады
Ертең Түркияның Ыстамбұл қаласында грек-рим күресінен «Vehbi Emre&Hamit Kaplan» мемориалы өтеді. Бұл турнирде Қазақстанның жеті балуаны бақ сынайды.
38 мәрте жалауы желбірегелі отырған жарысқа жерлестеріміз сан мәрте қатысқан. Соладың арасында жеңіс тұғырына көтерілген саңлақтар да аз емес. Бұл жолы ұлттық командамыздың бас бапкері Бақтияр Байсейітов Айдос Сұлтанғали, Мейрамбек Айнағұлов (60 кило), Асхат Ділмұхамедов, Демеу Жадыраев, Темірлан Шадукаев (77 кило), Нұрсұлтан Тұрсынов және Азамат Құстыбаев (87 кило) сынды саңлақтарға сенім артып отыр. Олардың барлығы да сан мәрте үлкен сынақтардан өтіп, аса ірі халықаралық жарыстарда атой салып жүрген сақа спортшылар екенін жанкүйерлер жақсы біледі. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері дәл осы салмақ дәрежесінде олимпиадалық лицензияға иелік еткен болатын. Бұл біздің жігіттер үшін соңғы сынақ. Анадолы еліндегі сайыста ең жақсы нәтиже көрсеткен балуандар келесі айда Токиода алауы тұтанатын ғаламдық додада бақ сынау құрметіне бөленеді.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар