жексенбі, 30 наурыз, 2025 6:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Батыс Еуропадан келген туристер Қазақстан экономикасына 60 млн доллар табыс әкелді

Батыс Еуропадан келген туристер Қазақстан экономикасына 60 млн доллар табыс әкелді
Фото: «Kazakh Tourism»
Бұл «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы» АҚ-ның баспасөз қызметі мәлімдеді

2024 жылдың 9 айында Қазақстанға Германия, Франция және Нидерландыдан келген туристерден түскен табыс 60 миллион АҚШ долларынан асты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Елдің халықаралық туристік аренадағы позициясы нығайып келеді.

Қазақстан ITB Berlin-2025 халықаралық туристік көрмесінде ұлттық стендін ұсынып, табиғи ландшафттардан бастап, тарихи-мәдени мұра мен қонақжай дәстүрлерге дейінгі туристік әлеуетін таныстыруда.

Kazakh Tourism басқарма төрағасының орынбасары Даниел Сержанұлы атап өткендей, қонақтар тек табиғат көріністеріне ғана емес, мәдени және гастрономиялық туризмге де қызығушылық танытып отыр. Ұлы Жібек жолының тарихы, қазақ дәстүрлері мен ұлттық тағамдары еуропалықтардың ерекше назарында.

Көрме аясында қазақстандық делегация шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргізіп, Еуропадан туристер тарту бойынша бірқатар келісімдерге қол қоюды жоспарлауда.

ITB Berlin көрмесіне жыл сайын 180-нен астам елден қатысушылар келіп, 160 мыңнан астам адам жиналады. Қазақстан бұл алаңды жаңа халықаралық маршруттар құру және еуропалық туроператорлармен серіктестікті кеңейту мақсатында тиімді пайдалануда.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар