
ҚМДБ-ның мәліметінше, балиғат жасына жетпеген жас бала мен ақыл-есінен ауысқан адамға ораза тұту парыз емес, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді:
«Үш адамнан (амал дәптерін жазатын) қалам көтерілді: айыққанға дейін жынданған адамнан, оянғанға дейін ұйқыдағы адамнан, балиғатқа толғанға дейін баладан»[1].
Алайда балаларды құлшылыққа баулу мақсатында ораза ұстатқызу – мұстахап. Хадисте: «Біз балаларымызға ораза ұстатқызып, оларға жүннен ойыншық жасап қоятынбыз. Егер біреуі тамақ сұрап жыласа, ауыз ашар уақыты келгенше (ермек қылып отырсын деп) сол ойыншықты беретінбіз»[2] делінеді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз