Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Байзақ аудандық мәслихатының келісімдері бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Қазанбасов Бақыт Алпысбайұлы Байзақ ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның жаңа басшысын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев таныстырды.
Аудан активінің отырысында аймақ басшысы бұған дейін Байзақ ауданын басқарып келген Нұржан Нұржігітовке атқарған қызметі үшін алғысын білдіді. Ал Бақыт Қазанбасовқа ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, заңдылық пен тәртіпті нығайту бойынша бірқатар міндеттер жүктеді.
- Бақыт Қазанбасов – тәжірибелі басшы. Сіздер оны қолдап, аудан игілігі үшін бірлесе жұмыс жасайтындарыңызға мен сенемін,- деді Бердібек Сапарбаев.
Өз кезегінде Нұржан Нұржігітов ауданның дамуы жолында аянбағанын жеткізіп, жаңа әкімге сәттілік тіледі. Ал, Бақыт Қазанбасов бұл тағайындаудың өзіне үлкен жауапкершілік жүктейтінін айтып, қолдау көрсеткен мәслихат депутаттарына рахметін білдіріп, белсенділерді бірге жұмыс істеуге шақырды.
Қазанбасов Бақыт Алпысбайұлы 1961 жылы туған, білімі жоғары.
1996 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «Инженер-технолог», 2005 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы №2 Жамбыл астық өнімдері комбинатында жұмысшы болып бастаған.
Әр жылдары №2 Жамбыл астық өнімдері комбинатында аға шебер, бөлімше меңгерушісі, «Ақ бидай» ААҚ меңгерушісі, директоры, «Зар-Замин» ЖШС қосалқы шаруашылық меңгерушісі, Жамбыл ауданы Аса ауылдық округінің әкімі, Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл ауданының әкімі қызметтерін атқарған.
2019 жылдың қарашасынан бастап бүгінгі күнге дейін Талас ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарып келді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024