дүйсенбі, 25 қараша, 2024 0:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Талас ауданының әкімі тағайындалды

Талас ауданының әкімі тағайындалды
ашық дереккөзі
Талас ауданының әкімі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Талас аудандық мәслихатының келісімдері бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Мәдібек Қанатбек Қайшыбекұлы Талас ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның жаңа басшысын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев таныстырды.

Аудан активінің отырысында аймақ басшысы бұған дейін Талас ауданын басқарып келген Бақыт Қазанбасовқа атқарған қызметі үшін алғысын білдіді. Ал Қанатбек Мәдібекке ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, заңдылық пен тәртіпті нығайту бойынша бірқатар міндеттер жүктеді.

- Бақыт Қазанбасов Талас ауданының дамуы жолында көп тер төкті десек, оған сол үшін алғыс айтқым келеді. Қанатбек Мәдібек – тәжірибелі басшы. Сіздер оны қолдап, аудан игілігі үшін бірлесе жұмыс жасайтындарыңызға мен сенемін,- деді Бердібек Сапарбаев.

Өз кезегінде Бақыт Қазанбасов ауданның дамуы жолында аянбағанын жеткізіп, жаңа әкімге сәттілік тіледі. Ал, Қанатбек Мәдібек бұл тағайындаудың өзіне үлкен жауапкершілік жүктейтінін тілге тиек етіп, қолдау көрсеткен мәслихат депутаттарына рахметін білдіріп, белсенділерді бірге жұмыс істеуге шақырды.

Мәдібек Қанатбек Қайшыбекұлы 1977 жылы туған, білімі жоғары.

1998 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Жаңатас қаласындағы «Водоканал» кәсіпорнында инженер болып бастаған.

Әр жылдары Сарысу ауданы әкімі аппаратында кеңесші, бас маман, бөлім меңгерушісі, Сарысу ауданы Жаңаарық ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы әкімі аппаратында бас инспектор, бөлім меңгерушісі, Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Сарысу ауданының әкімі, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы.

2020 жылғы тамыздан бастап Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар