дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 7:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Әбден құтырды». Дрифттен турнирдің негізін қалаушы қазақша сөйлегісі келмейтінін дөрекі айтқан

«Әбден құтырды». Дрифттен турнирдің негізін қалаушы қазақша сөйлегісі келмейтінін дөрекі айтқан
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Даудың неден басталғаны белгісіз

Әлеуметтік желілерде Gorilla Drift Championship турнирінің негізін қалаушы әрі жетекшісі Артем Чекменевтің қазақ тілінде сөйлеуден дөрекі түрде бас тартқан бейнежазбасы тарады , деп хабарлайды  Jambylinfo.kz
Бейнежазбадан адамдар арасындағы даудың неден басталғанын аңғару қиын. Бірақ Чекменевтің қазақша сөйлегісі келмейтінін қатқыл дауыспен айтқаны айқын аңғарылып тұр. 

–     Сен мен түсінетін тілде сөйле, әйтпесе менімен мүлде сөйлес пе, ұқтың ба? "Ей" деп әйеліңе қарата сөйле. Сен орыс тілін түсінбейсің ғой, братан?, – дейді ол.

Артем Чекменев жайлы желіде ақпарат кемде-кем. Ашық деректерде оның шыққан жері, өскен ортасы жайлы нақты мәлімет жоқ. 
Бейнежазба әлеуметтік желілерде әжептәуір дау туғызып, көптің ашуын келтірді. 
-    «Әбден құтырды ғой, орнына қоятын намысты жігіттер қайда?», «Мына шовинисті бірден түрмеге қамау керек», «Тауып алып, жазасын беру керек», «Шаңыраққа қарамай ма?, бізге мұның кешірім сұрағаны кереку емес»,- дейді желі қолданушылары.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар