Жаңалықтар
«Бекболат Тілеухан – теріс ағым өкілі»: Ермұрат Бәпи өзіне айтылған сынға жауап берді
- авторjambylinfo.kz
- 15 қараша, 2023
- 543
«Бекболат Тілеухан – теріс ағым өкілі»: Ермұрат Бәпи өзіне айтылған сынға жауап берді
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи өзін «популист» деп атаған Бекболат Тілеуханға жауап берді, деп хабарлайды Жамбылинфо El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Естеріңізде болса, осыдан бірнеше күн бұрын Нұрсейіт Жылқышыбай Бекболат Тілеуханмен көлемді сұхбатының үзіндісін жариялап, онда экс-мәжілісмен бүгінгі әріптестері туралы ойын айтқан.
Жалақының өмірі 300 мың теңге болмайтыны түсінікті (бұған дейін Ринат Зайытов ең төменгі жалақыны 300 мың теңгеге дейін көтеру керектігін айтқан – ред.). Ашық популизм. Аңғал жұртты алдау. TikТok-та хит болу үшін шығар. Нартай Аралбайұлы да, Ермұрат Бәпи де популистер ғой, – дейді ол.Тілшілер Бәпиден бұл сөзге қатысты пікірін сұрады.
Бекболат Тілеухан сияқты жігіттер ойына келгенін айта береді. Бұл азаматтар ең бір өткір және саяси тұрғыда айтылмай жүрген тақырыптарды көтеріп, оны билік алдында, қоғам алдында ашық айтып жүр. Сондықтан оларды кекету, мұқату тұрғысында Бекболаттың айтқан әлдебір бықсық сөзіне көңіл бөлетіндей мұршам жоқ, – деді депутат.Популизм туралы нақтыланған сауалға депутат сауалмен жауап қатты.
Популизмнің өлшемі қандай екенін сіздер анықтамасаңыздар, мен өз азаматтық ұғымымда ел перзенті ретінде қоғамға қажет шаруамен айналысып жатырмын деп есептеймін. Еш жерде ұрандатып, атымды, затымды жарнамалау үшін далбасалап жүрген жағдайым жоқ. Соңғы көтерген мәселем – қоғамдағы теріс діни ағымдарға байланысты. Оның қай жерінде популизм болуы мүмкін? Қоғамды жайлап бара жатыр. Әрине, ол Бекболат Тілеуханның шымбайына тиеді. Өйткені ол – теріс ағым өкілі. Содан кейін ол бізге қарсы айтып жатыр, – деді Бәпи.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Алдағы күндері 24 градусқа дейін күн жылынады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024