Жаңалықтар
«Сүйегі шығып кетіпті». Сәкен Майғазиев жол апатынан кейінгі жағдайын айтты
- авторjambylinfo.kz
- 15 қараша, 2023
- 269
«Сүйегі шығып кетіпті». Сәкен Майғазиев жол апатынан кейінгі жағдайын айтты
Есімі елге белгілі әнші Сәкен Майғазиев жол апатына түскеніне бір ай болғанда денсаулығы сыр бере бастаған, деп хабарлайды Жамбылинфо El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Өткендегі жол апатынан кейін бір ай бойы шыдап жүре берген едім. Кеше шыдамай кеткен соң бір сынықшыға барсам, сүйегі шығып кетіпті. Шыбығы тайып, жүйке тамыры қысылып қалған шығар деп ойлап едім. Олай емес екен, – деп жазды әнші Instagram парақшасына.Оның айтуынша, сүйек орнына түспейінше салмақ салмауы керек, себебі сынған сүйектің орнына су жиналып қалған көрінеді.
Сынықшы сүйекті орнына салып жатқанда жаным көзіме көрінді. Мүздай тер бұрқ етті. Сүйек орнына келгенше ауыр көтеруге болмайды, - дейді ол.Еске сала кетейік, Сәкен Майғазиев қазан айында Сарыағашқа барар жолда апатқа ұшыраған еді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қазақтілді оқушылардың орыстілділерден сауаты төмен - зерттеу
- авторjambylinfo.kz
- 15 қазан, 2024