жексенбі, 24 қараша, 2024 6:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бердібек Сапарбаев Тараз қаласын аралады

Бердібек Сапарбаев Тараз қаласын аралады
ашық дереккөзі
Бердібек Сапарбаев Тараз қаласын аралады
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласын аралап, бірқатар нысанмен танысты. Алдымен  тұрғындардың шағымы бойынша, «Барысхан» массивіне әлі күнге неге ауыз су берілмей отырғанын анықтау үшін Жауғаш батыр көшесіндегі сорғы станциясына ат басын бұрды. Өткізгіштігі сағатына 1,5 мың текше метрді құрайтын екінші көтермедегі сорғы станциясы өткен жылдың желтоқсан айында салынған, тиісті қабылдау актісі бар. Ол «Барысхан», «Сахзавод» және «Кирпичный» массивтерін ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған. Соңғы екі аудан әлі күнге төрт ұңғыманың суын пайдаланып отыр десек, ал, «Барысханда» су мүлде жоқ, бірақ құбырлар тартылған. Белгілі болғандай, сорғы станциясын аталған массивтің ішкі желілерімен байланыстыратын 80 метрлік құбыр әу баста жобада қамтылмай қалып кеткен. Жауапты құрылымдардың мұндай салғырттығы мен әрекетсіздігін облыс әкімі қатал сынға алды. «Неге сорғы станциясымен бірге су құбыры желісінің құрылысын қатар жүргізіп, бірге аяқтау мүмкін болмады? Егер адамдар әлі күнге сусыз отырған болса, бұл кімге керек? 80 метр құбыр тарту үшін бір-ақ апта жетеді, ал сіздердің ұқыпсыздықтарыңыздың зардабын қазір қаншама адам тартып отыр. «Жамбыл су» да тұтынушылар санын арттыруға мүдделі емес пе?» - деді Бердібек Сапарбаев. Анықталған кемшіліктер бойынша өңір басшысы кінәлілерді жазалауды және кемшіліктерді жоюды тапсырды. Бұдан соң Бердібек Сапарбаев құрылысы аяқталуға жақын қалған «Арбат-3» жаяу жүргіншілер аллеясын аралап көрді. Қазір бес павильонның сыртқы безендірілуі бойынша жұмыстар жүргізілуде, онда ұлттық тағамдар мейрамханалары, көркемөнер шеберханалары мен балаларға арналған залдар орналаспақ. Сондай-ақ, «Әулие-Ата» мешіті де қалпына келтірілуде. Барлық жұмыстар осы айдың 20-на дейін аяқталып, Наурыз мерекесі қарсаңында пайдалануға берілмек. Мұнда көне қала тұрғындары мен қонақтары субұрқақтың салқын лебін сезініп, ортағасырлық сән-салтанатқа куә бола алады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар