Болжам: Сәуірде КВИ жұқтырушылар саны артады
Оптимистік сценарий бойынша сәуірде тәулігіне коронавирус инфекциясының 500-ге дейін жаңа дерегі тіркеледі деп күтіледі, ал пессимистік сценарий бойынша ол күніне 1700 жағдайға жетуі мүмкін. Бұл туралы үкіметтің отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
Цойдың айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігінің болжам жасау жұмыс тобы 2021 жылдың соңына дейін эпидемиологиялық ахуалдың даму болжамын құрды, бұл ретте қолданыстағы шектеу шаралары, оның ішінде бетперде тағу режимі, әлеуметтік арақашықтықты сақтау міндетті болады. Әрине, вакцинациядан да нәтиже күтіледі.
Министр вакцинацияның бірінші сатыдағы әсері иммунитетті дамытуға қажетті уақытпен шектелетінін атап өтті.
Болашақта вакцинацияның әсері күшейіп, елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына әсер етеді, - деді Цой.
Пандемия басталғаннан бері Қазақстанда COVID-19 диагнозымен 225 685 науқас және КВИ белгілері білінбейтін 49 817 қосымша жағдай тіркелді. Науқастардың 92% -ы сауығып кетті. Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының 954 жағдайы және симптомы білінбейтін 7 жағдай тіркелді, 10 адам қайтыс болды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Кітапхана Тағзым күнін балалар үйінде атап өтті
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Астанада дүкендердің бірінде газ баллоны жарылып, өрт шықты
- авторjambylinfo.kz
- 16 қараша, 2024
Жаңалықтар
Көмекке жиналған қаражатты жымқырған Перизат Қайрат екі айға қамалды
- авторjambylinfo.kz
- 16 қараша, 2024