Жаңалықтар
Білім беру орталығының есепшісі бюджет қаражатынан 50 миллион теңге жымқырған
- авторМағжан Орынбасар
- 19 ақпан, 2025
- 199

Ол бюджет қаражатын жеке шотына аударған
Қызылорданың прокуратурасы бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қызылорда облысының прокуратурасы бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы мен тиімділігіне талдау жүргізді.
- Нәтижесімен «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының бас есепшісі іс-сапар мен жалақыға көзделген 50 млн теңге бюджет қаражатын өзінің жеке есеп шотына заңсыз аударып алғаны анықталды. Аталған дерек бойынша облыс прокуратурасымен ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен қылмыстық іс тіркелді,- делінген хабарламада.