Бір күнде Қарақалпақстаннан 490 адам келді
7 наурызда Қарақалпақстанның 490 тұрғыны "Давид ота" шекара бекетінен Қазақстанның Ақтау қаласына жіберілді, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.
Олар мұнда түрлі құрылыс алаңдарында жұмыс істейді.
Сыртқы еңбек миграциясы жөніндегі агенттіктің 9 наурыздағы хабарына қарағанда, өзбектің еңбек мигранттары Өзбекстанның ресми тұлғалары мен қазақстандық жұмыс берушілер арасындағы келісімге сәйкес жұмысқа жіберілген.
Биыл 25 ақпанда өзбек президенті Шавкат Мирзияев Өзбекстан мен Қазақстан үкіметтерінің еңбек қызметі туралы келісімін мақұлдады.
Құжатта еңбек мигранттарының ақысын төлеу, табыс салығы, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, өтемақы мәселелері қарастырылған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қарулы күштерде әскери қызметшілерді мамандық бойынша дайындау басталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Тәуелсіздік күніне орай бір реттік әлеуметтік төлем кімдерге беріледі
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 желтоқсан, 2025






