Жаңалықтар
Жамбылдық полицейлер экстремистік сипаттағы діни әдебиетті заңсыз әкелудің жолын кесті
- авторjambylinfo.kz
- 10 наурыз, 2021
- 550
Жамбылдық полицейлер экстремистік сипаттағы діни әдебиетті заңсыз әкелудің жолын кесті
Қырғызстан Республикасының Талас облысының Бақай- Ата ауданында тұратын Қырғыз Республикасының азаматы "Айша бибі" шекаралық бақылау пункті арқылы Жамбыл облысының аумағына Қазақстан Республикасының сот органдарымен тыйым салынған экстремистік мазмұндағы діни әдебиеттерді алып кіруге әрекет жасаған.
Аталған дерекке қатысты Жамбыл облысының Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Жамбыл облысының Жамбыл аудандық сотының қаулысымен жоғарыда көрсетілген бапта көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін К. есімді азаматқа 291 700 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Алматыда карантин күшейді
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






