дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 4:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бишімбаев ісі: «Біз атышулы істі емес, «Пусть говорят» шоуын көріп отырмыз - Ленара Баталова

Бишімбаев ісі: «Біз атышулы істі емес, «Пусть говорят» шоуын көріп отырмыз -  Ленара Баталова
Фото: Ленара Баталова әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды
Белгілі кәсіпкер Райымбек Баталовтың әйелі Ленара Баталова экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотта айтқан «бір кездері Салтанат Нүкенова Райымбек есімді кәсіпкердің көңілдесі болды» деген сөзіне қатысты инстаграм парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Менің инстаграмым «жарылатын» шығар... Бәрі 1-ші сәуірде өткен сот күлкілі өтті. Себебі, Біз атышулы істі емес, «Пусть говорят» шоуын көріп отырғандай болдық. Сотта менің отбасымның абыройына нұқсан келтірген негізсіз, ойға қонымсыз нәрселерге қатысты ештеңе демеймін. Тек Салтанаттың жақындарына айтарым, біз сіздермен біргеміз, сіздерге сабыр, күш-қуат берсін. Бұйырса, әділдік орнайды деп сенемін. – дейді Ленара Баталова.

Естеріңізге сала кетсек, 1 сәуірде өткен сот отырысында Қуандық Бишімбаев «Салтанат Нүкенова Райымбек есімді белгілі кәсіпкердің көңілдесі болғанын» мәлімдеген болатын. Бірақ ол  сотта кәсіпкердің фамилиясын атаудан бас тартқан еді.

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар