«Бірнеше бөтелке ішімдік іштік». Бишімбаев Салтанат Нүкенованы өлтірген күнді баяндап берді
- авторjambylinfo.kz
- 3 сәуір, 2024
- 763
Бүгін сотта Қуандық Бишімбаевты сұрау жалғасып жатыр. Ол Нүкенованы екеуінің 8 қараша күні не болғанын айтып берді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
«8 қараша Салтанат менің кабинетіме келді. Көңіл күйі жоқ еді, концертке киетін киімім жоқ деді. Сосын мен дүкенге барып, киім алайық дедім. Сағат түскі 12.00-13.00 арасында «Талант Таур» орталығына барып, әртүрлі дүкендерге кірдік. «Макс Мара» бутигіне кіріп, киім таңдай бастады. Оған шалбар-костюм жарасатын, сондықтан бірнешеуін ал дедім. Өйткені жұмысқа да, сыртқа да киесің дедім. Мен осыған дейін айтқанымыдай, оны үнемі қуантқым келеді. Ол киім алды, сосын жоспар бойынша ол біздің мейрамханаға баруы керек еді. Мен жиырма минуттай мейрамханада жиырма минуттай болып, жұмыстарыммен кеттім. Ол шамаман түскі сағат үш, төрткезі еді. Концерт кешкі сағат 20.00-де болған, мен Салтанатпен құрбысын сағат 07.00-де алып кетіп, концертке барамыз деп шештім», - деді Бишімаев.
Сот отырысында Бишімбаев жауабын ұзаққа созып берді. Бишімбаевтың айтуынша, олар концерт залына кіргенде бір таныс әйел амандасып, бетінен сүйген.
«Содан бастап Салтанат ашуланып, ана әйел неге бетіңнен сүйді деді. Залға кірдік, құрбысы екеуі тағы да ішімдік сұратты. Мен ресторанға телефон шалып, қағаз стаканға құйып, әкеліңдер дедім. Официант алып келді, мен оны қырық минут далада күтемін деп қатты тоңдым. Концертке қырық минут кешігіп кірдім. Соған ашуландым. Стакандарды алып Салтанат пен құрбысына бердім. Жалпы маған Диман Билан ұнамайтын, сондықтан мен кете берейін, өздерің қалыңдар дедім. Ол «жоқ, бірге келдік, бірге кетейік» деді. Бірақ менің ойым басқа жақта еді. Мен кетемін дегенге ренжіді ме түрі өзгеріп кетті. Мен тізесіне аяғымды қойып, қалайын дедім. Бес минуттан кейін ол тұрды да ашуланып «көргің келмесе, кетейік» деді. Ол шығып кетті. Бір минуттай күттім, келе ме жоқ па деп отырдым. Келмейтін болған соң мен де шықтым. Неге ашуландың деп едім, ол «сен мені құрбымның көзінше ұятқа қалдырдың» деп айқайлады. Мен барып сөйлесейік дедім. Ол қатты ашуланған еді. Ол «мені ұятқа қалдырдың» деп айқайлай берді. Ол айқайлады, мен де ашулана бастадым. Мен «кірейік, жоқтан ұрыс шығармайық» дедім. «Сен мені жазда да ұятқа қалдырдың, енді міне тағы ұятқа қалдырдың» деді. Осылайша біз Гастроорталыққа бардық», - деді Бишімбаев.
Оның айтуынша, олар мейрамханада тағы бірнеше бөтелке ішімдік ішкен және Бишімбаевтың пайымынша, «Салтанат бір нәрсені бес сағат бойы» айтқан. Қазір күдікті ары қарай сұралып жатыр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Тараздық кәсіпкер баламасы жоқ сусын жасап шығарды
Ұқсас жаңалықтар
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024