жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 17:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздық кәсіпкер баламасы жоқ сусын жасап шығарды

Тараздық кәсіпкер баламасы жоқ сусын жасап шығарды
Сурет: jambylinfo.kz
Тараз қаласының тұрғыны, экс-банкир Мұхит Қалқабаев 3 айдан бері пальма құрмасы қосылған сүт өндіреді. Кәсіпкердің айтуынша, күніне  800 дана өнім шығарады.Табиғи өнімге күннен күнге сұраныс та артып отыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Былтыр кәсіпкер мемлекеттен 5 миллион теңге грант ұтып, кәсібін бастап кеткен. Ал, қазір ол 4 адамды жұмыспен қамтып, оларға 150 000 жалақы төлеп отыр. 


«Құрманың пайдасы зор. Оны көпшілік біледі. Сиыр сүтінің пайдасын бәріміз білеміз. Құрма сүтін жасау үшін алдымен пальма құрмасын сүйегінен тазартып, жеке қайнатады. Тосапқа айналған тұста сүтке қосып, қайтадан 90 градуста қайнатады.  Шағын цехта тәулігіне 400-800-ге дейін құты тауар шығып жатыр. Олар Тараздағы  ірі сауда орындарында сатылып жатыр. Бір құтыда 500 грам сүт болады. Бағасы 500 теңге. Сұраныс күннен күнге өсіп жатыр»,-деді Мұхит Қалқабаев.


Кәсіпкердің айтуынша, өнімге сұраныс өте жоғары және алдағы уақытта жұмыс өнімділігін он есе көбейту жоспарда бар. 


«Бір өніммен ғана тоқтап қалмаймыз. Жақында тағы бір өніміміз шығады. Ол пальма құрмасының сүйегінен дайындалатын кофе. Қазір  жасалу технологиясын дайындап жатырмыз. Жақын уақытта біздің кофемізді дүкен-сөрелерінен көресіздер", - деді кәсіпкер.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар