«Оянатын шығар дедім». Бишімбаев сотта Салтанат Нүкенова қалай өлгенін айтып берді
- авторjambylinfo.kz
- 3 сәуір, 2024
- 948
Қуандық Бишімбаев 2023 жылдың 9 қарашасында Салтанат Нүкенованы мейрамханадағы диванға жатқызып, үстінен екі жапқышпен ораған. Сондай-ал сотта Нүкенова ұйықтап жатыр деп ойлағанын және балгерге телефон соққанын айтып берді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бишімбаевтың сөзіне сенсек, тоғызыншы қараша күні ол таңертең Салтанат Нүкенова мас болған соң мейрамхананың вип-залындағы диванға жатқызған. Оны екі жапқышпен орап, туысы Бақытжанды шақырған.
«Бұған дейін Салтанаттың ағасы оны телефон арқылы аңдып жүретінін білген соң, түні бойы мейрамханада екенімізді білсе бірнәрседен күдіктеніп, мейрамханаға келсе, тағы да ұрсысамыз деп ойлап, Бақытжанға Салтанаттың телефонын үйге апарып таста дедім. Бірақ, бірінші «Қазақстан» концерт залында қалған пальтосын алып кет дедім. Өзім Салтанаттың жанында жаттым. Таныс балгер болған соған телефон шалдым. Ол «бәрі жақсы болады, ол қатты шаршап, масайып қалған. Кешке дейін оянады» деді. Соған сеніп кешкі уақытты күттім», - дейді Бишімбаев.
Осы арылықта ол мейрамханада іскерлік кездесулер ұйымдастырып, тамақ ішіп алған.
«Кешке жақын Салтанат қорылдағанын қойды. Енді оянатын шығар деп ойладым. Бірақ, беті суып кетіпті. Денесін ашып қарасам, сұп-суық. Шошып кетіп, Бақытжанды шақырды. Біз оның пульсін іздей бастадық. Таппаған соң жедел жәрдем шақырдық. Ары қарай жедел жәрдем, полиция келді», - деді Бишімбаев.
Сот отырысы түскі үзіліске шықты. Сот сағат 14.30-да жалғасады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024