Бишімбаев соты: Сотта Бишімбаевтің Нүкенованы аяусыз қинаған видеолары көрсетілді
- авторИндира Тәліпқызы
- 3 сәуір, 2024
- 812
Видеода көрсетілгендей, 9 қараша күні Бишімбаев пен Нүкенова «Бау» мейрамханасына келеді. Екеуі бұл мейрамханаға бір емес, бірнеше рет келіп, қайта келгені көрсетіледі. Видеодан Бишімбаевтің спирттік ішімдік ішкені және әйеліне дөрекі сөйлегені аңғарылып тұр. Кейінгі кадрлерде Бишімбаевтің Нүкенованы аяусыз ұрғаны, шашынан жұлып сүйрегені, шешіндіргені көрсетіледі.
Осы тұста марқұм Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелді мәйіт суреттерін эфирге шығаруға және жариялауға тыйым салуды сұрады. Судья Айжан Құлбаева бұл өтінішті қанағаттандырды.
«Мен белгілі бір сәттерді эфирге шығармауды және БАҚ өкілдерінен бұл бейнелерді көрсетпеуді сұраймын. Оларды көру өте ауыр. Тікелей эфирді ересектер ғана емес, балалар да көріп отыруы мүмкін. Бұл балаларға ауыр зиян келтіреді деп ойлаймын», - деді Айтбек Амангелді.
Судья Айжан Құлбаева жәбірленушінің өтінішін қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.