Сотталушы Байжанов ағасы Бишімбаевтан қысым көріп отырғанын айтты
- авторИндира Тәліпқызы
- 3 сәуір, 2024
- 1.1k
Бақытжан Байжановтың адвокаты Әлібек Секеров судьядан Бишімбаев Байжановқа тіл қатпауы үшін екі сотталушының бөлек жерде отыруын қамтамасыз етуге бола ма деп сұрады.
«Құрметті сот, Байжанов өзіне қысым жасалып жатыр деп есептейді. Екеуі сөзге келіп қалды. Келесі сот отырысынан бастап, екеуін бөлек отырғызсақ", деген талап арыз қойд адвокат Әлібек Секеров судьяға.
Мұнан кейін Бақытжан Байжановтің өзі де адвокаттың айтқан сөздерін растады.
«Иә, ол маған әрдайым қысым көрсетіп отырады. Менің не айту керегімді нұсөап, ауызыма сөз салып береді", – деді Байжанов.
Ал судья Айжан Көлбаев бұл мәселе жіті қаралатынын жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, Бақытжан Байжановқа қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылып отыр. Оның біріншісі, 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу);екіншісі, 434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау).