Ербол Қарашөкеев Тараздағы су арналарының жай-күйін тексерді
- авторМағжан Орынбасар
- 3 сәуір, 2024
- 567
Облыс әкімі арықтарды тазалау, олардың су өткізу мүмкіндігіне тұрақты талдау және бақылау бойынша қала басшылығына нақты міндеттер жүктеді. Бұл жұмыс көктемгі сел мен жазғы су тапшылығының алдын алу үшін қажет.
"Бұл шаралар өз кезегінде көктемгі кезеңде судың көп мөлшерінің келуіне, жаз айларында ылғалдың қажетті аумақтарға жетуі және тұрғындардың қауіпсіздігі үшін де аса маңызды. Осы және өзге де су жүйелерін, арықтарды тазалау, олардың су өткізу мүмкіндігіне тұрақты талдау және бақылау бойынша қала басшылығына нақты міндеттер жүктедім. Бұл бағыттағы жұмыстарды жеке қадағалауда ұстайтын боламын. Сонымен қатар, облыс бойынша жалпы сенбілік ұйымдастырылып, тазалық жұмыстарына жан-жақты көңіл бөлінеді. Бұл іске өңірдегі барлық мекемелер мен бизнес өкілдерін, қала тұрғындарын да белсенді атсалысуға шақырамын",- деді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев.