жұма, 17 мамыр, 2024 8:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

«Мойынқұмда ұрлық пен құқық бұзушылық азайған» Ауыл қалай дамып жатыр

«Мойынқұмда ұрлық пен құқық бұзушылық азайған» Ауыл қалай дамып жатыр
Сурет: jambylinfo.kz
Бүгін облыстың бас медиа алаңында ауыл әкімі Рүстем Тұрарқұл Мойынқұм ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Ауыл әкімінің сөзінше, округтегі тұрғындардың басым бөлігі мал өсіріп жан бағып отыр. Сондықтан былтыр кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 9 азамат қайтарымсыз 1 млн 380 мың теңге грант алған. Ал, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың негізгі бөлігі сұлулық салон, дәріханалар,  көтерме-бөлшек сауда дүкені, кафе сияқты округ бойынша  дамыған коммерциялық нысандарда жұмыс істейді.

"2023 жылдың соңына дейін 18 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуға кешенді жоспар берілген. Қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысымен  18 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды, немесе 100%. Ақылы қоғамдық жұмысқа 18 адамға жолдама берілді, оның ішінде 2 тұрақты жұмысқа орналастырылды", - деді Рүстем Тұрарқұл.

Жауаптының сөзіне сүйенсек, бұдан бөлек білім, денсаулық, мәдениет салаларында оң динамика қалыптасса, ауыл шаруашылығы саласында мал басының өсімі көңілді қуантады. Мәселен, кәсіпкерлік саласында жыл басынан бөлшек сауда тауар айналымы 1 млрд. 973 млн. 945 мың теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 101 пайызға орындалған.

"Округтің жалпы бюджеті 243 млн 298 мың теңгені құрап отыр. Жыл басынан осы кезеңге дейін ауылдық округте бюджеттің кіріс жоспары 28 млн. 004 мың теңге болса, нақты түсім 41 млн. 488 мың 032 теңгені құрады. Жалпы бюджет шығындарының атқарылуы 148 пайыз қамтамасыз етілді",- деді ауылдық округ әкімі.

Сонымен қатар, Мойынқұм ауылдық округінде жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 6 қылмыс болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 қылмысқа немесе 37,5 пайызға аз.

"Ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында  қылмыс тіркелмеген, жол апаты бойынша 3 дерек тіркеліп, ашылуы 100 пайызды, бөтеннің мүлкін ұрлау деректері бойынша 3 қылмыс тіркеліп, ашылуы 100 пайызды құрады", - деді Мойынқұм ауылдық округінің әкімі Рүстем Тұрарақұл.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар