Руханият
Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Сенат төрағасы дүниеден өтті
- авторИндира Тәліпқызы
- 3 сәуір, 2024
- 657
Көрнекті мемлекет және саяси қайраткер Байгелді Өмірбек 1996-1999 жылдар аралығында парламенттің жоғарғы палатасын басқарды
«Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бірінші, екінші, үшінші және төртінші шақырылымдағы депутаты болды. Парламент Сенатында 16 жылдан астам қызмет атқарды. Қайраткердің қазасына байланысты оның отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз» делінген Сенаттың баспасөз қызметі хабарламасында. Қоштасу рәсімі туралы ақпарат қосымша хабарланады.
Байгелді Өмірбек 1939 жылы Жамбыл облысы (ҚазКСР) Қызыл Октябрь ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, «Қызыл Октябрь» колхозында жұмысшы болып бастаған. 1990 жылдары Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы, Жамбыл облыстық әкімшілігінің басшысы, Қазақстан президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.