Биыл мыңнан аса жамбылдық кәсіп бастауға грант алды
- авторjambylinfo.kz
- 10 сәуір, 2024
- 918
«Биыл облыс бойынша халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 1 008 адамға 1,4 млрд теңге көлемінде қайтарымсыз грант беру жоспарланып отыр. Қайтарымсыз қаржыға өтініш беру порталы 8-ші сәуірде іске қосылған. Сондай-ақ биыл облыс аумағында кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында 362 жас кәсіпкерге 2,5 пайызбен 1,8 млрд. теңге көлемінде микронесие беріледі», - деді Еркін Келесов.
Айта кету керек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет пен бизнес арасындағы қатынас өзара сенімге негізделуі қажет екенін айтып, кәсіп бастауға грант беру мәселесін жіті бақылауда ұстауды тапсырған еді.
– Мемлекеттік аппарат әрбір бизнесменге заң бұзушы ретінде қарамауы керек. Мұндай ұстаным, түптеп келгенде, басқарудың репрессивті сипатына алып келеді. Мемлекет кәсіпкерлерге көмектесуге міндетті. Мұны ерекше атап өткім келеді: кәсіпкерлерге көмектесу керек. Ал кәсіпкерлер шағымданушы немесе қолдауға мұқтаж рөлінде көрінбей, мемлекеттік аппараттың теңқұқылы серіктесіне айналуға тиіс, – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Мойынқұм ауылында мал саны 40 пайызға өсті
Ұқсас жаңалықтар
Биыл ең көп турист барған курорттық аймақ белгілі болды
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 14:18






