жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 16:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында жыл басынан бері 15 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды

Жамбыл облысында жыл басынан бері 15 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды
ашық дереккөз
Жамбыл облысында жыл басынан бері 17536 адам жұмыспен қамту шараларына тартылып, осы күнге дейін оның 14 580-і жұмысқа орналасты. Бұл туралы облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте белгілі болды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрғындардың тұрақты жұмыспен қамтылуы қарастырылды.

– Еңбек нарығын дамытудың 2024-2025 жылдарға арналған тұжырымдама аясында биыл өңірде 60372 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Жыл басынан бері 17536 адам жұмыспен қамту шараларына тартылып, осы күнге дейін оның 14 580-і жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, биыл облыс бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына қайтарымсыз грант беру үшін 1,4 миллиард теңге қаралуда, – деді облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл өңірде жастарға 2,5 пайызбен микрокредит беру жалғасатындығы айтылды.

– Қайтарымсыз несие, грант беру кезінде тұрғындар арасында дүрбелең тумауы тиіс. Қаржыны мақсатты пайдалану, кәсіптің жоспарға сәйкес жүруі басты шарт. Азаматтарды қабылдау барысында басым бөлігі осы мәселеге қатысты өтініш білдіреді. Грант бөлу шараларының барысында заң талаптары қатаң сақталып, ашықтық қамтамасыз етілуі тиіс, — деді облыс әкімі.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты ұдайы жұмыспен қамтуды арттырып отыруды тапсырып келеді.

– Қазір еңбек нарығында жастардың үлесі артып келеді. Үкіметке және әкімдерге 2030 жылға қарай 3 миллион 300 мың адамды жұмысқа тұрғызу туралы тапсырма берілді. Оның 2,2 миллионы жастар болуға тиіс. Жаңа жұмыс орындары уақытша емес, тұрақты болғаны жөн. Елімізде аймақтардың жұмыспен қамту карталары бекітілген. Соған сәйкес жыл сайын шамамен 950 мың адамға жұмыс тауып беру көзделген. Ол үшін бюджеттен 130 миллиард теңге бөлінді. Осы қаржының арқасында, яғни субсидия арқылы 150 мың адам жұмысқа орналасады. Оның бәрі – жастар және әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтар, - деген еді Мемлекет басшысы.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар