жұма, 3 мамыр, 2024 21:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Биыл Тараз көшелерін жөндеуге 400 млн теңге бөлінді

Биыл Тараз көшелерін жөндеуге 400 млн теңге бөлінді
www.gov.kz
Атап айтқанда, 110 көше, бұрылыс, тұйық, өткел және 5 жаяу жүргінші жолы жөнделіп, 165 көшеге шағал төселеді деп күтілуде.

Ұзындығы 78,1 шақырымды құрайтын 39 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жоспарланып, қазіргі таңда сараптамадан өтуде. Бұл туралы Жамбылинфо Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.  

"Атап айтқанда, 110 көше, бұрылыс, тұйық, өткел және 5 жаяу жүргінші жолы жөнделіп, 165 көшеге шағал төселеді деп күтілуде. Оның ішінде Ұлы дала шағын ауданында 10 жолдың құрылысы көзделуде. Ал, ұзындығы 1,9 шақырымды құрайтын Рысбек батыр көшесіне (Төле би даңғылынан Сүлейменов көшесіне дейін) сараптаманың қорытындысы алынып, қайта жаңғырту үшін республикалық бюджетке өтінім берілді. Бүгінгі таңда сараптаманың қорытындысы алынған 18 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде",- делінген хабарламада. 


Айта кетейік, қазіргі таңда қала көшелерін ағымдағы жөндеуге бюджеттен 400,0 млн теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар