Тараздың «Ұлы дала» ауданындағы құны 626 млн теңге сорғы станциясы әлі іске қосылған жоқ
- авторjambylinfo.kz
- 14 ақпан, 2024
- 704
Қыс аяқталуға жақындаса да, Тараз қаласындағы Ұлы дала ықшам ауданындағы сорғы станциясының құрылысы әлі біткен жоқ. Мемлекеттік сатып алу сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, жоба құны 626 млн теңге, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Айта кетейік, осы ықшам ауданының тұрғындары қыста үйлерінде жылу жоқ екенін айтып, облыс әкіміне дейін шағымданған. Өңір басшысы Ербол Қарашөкеев тұрғындармен кездескен кезде мәселе ақпан айының ортасында шешілетінін айтқан. Облыс әкімінің аудандағы кездесуінен кейін мердігер мен қала әкімдігіне тиісті тапсырма берілген болатын.
Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, сорғы станциясын салып жатқан мердігер - «Строй Монтаж Group» ЖШС. Нысанның жобалық қуаттылығы – 1600 м³/сағ. Мемлекеттік сатып ау порталындағы ақпарат бойынша, жоба құны 626 млн теңге құрайды.
Бір айта кетерлік жайт, сорғы станциясының құрылысы аяқталғанша, Таразда ауа температурасы +17 градусқа дейін жылынады деген болжам бар.
Мағжан Орынбасар
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз