сәрсенбі, 18 желтоқсан, 2024 11:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл Жамбылда жануарлардың ауруын тексеру үшін 5,7 млн қан сынамасы алынған

Биыл Жамбылда жануарлардың ауруын тексеру үшін 5,7 млн қан сынамасы алынған
Фото - ашық дереккөз
Нәтижесінде бруцеллез анықталған 344 жануар қайта өңдеуге жіберілген

  Биыл Жамбыл облысында жалпы ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге барлығы 4.2 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы басқарма басшысы Бақыт Бетбаев айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 
  Бақыт Бетбаевтың сөзінше, жалпы ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге барлығы 4.2 млрд теңге бөлінген. Осылайша бюджет есебінен аса қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстарына 24,5 млн манипуляция жүргізілген. 

" Мемлекеттік тапсырыс бойынша биылғы жылға бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы бағытталған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралары жоспарға сәйкес өз деңгейінде орындалды. Аса қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстарына 24,5 млн. манипуляция жүргізілді. Жыл басынан бруцеллезге тексеру үшін 5,7 млн. қан сынамасы алынып, диагностикалық тексерулер нәтижесімен бруцеллез ауруы анықталған 344 бас ауыл шаруашылығы жануарлары қолданыстағы Заң аясында санитариялық талаптармен сойылып, кезең кезеңімен қайта өңдеуге жіберілді,- деді басқарма басшысы. 

Сонымен қатар бірдейлендіру бойынша атқарылған жұмыстарды да атап өтті.

 2024 жылға арналған Ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру жұмыстары бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізіліп жыл басынан 1,5 млн. бас төл бірдейлендірудің деректер қорына енгізілді. Облыс бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында барлығы 4,6 млн. бас ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелген,- деді Бақыт Бетбаев.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар