сәрсенбі, 18 желтоқсан, 2024 13:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұлттық банктің атынан хабарласатын алаяқтар көбейген

Ұлттық банктің атынан хабарласатын алаяқтар көбейген
Скриншот: nationalbank.kz
Келтірілген деректерге сай, қаскөйлер Ұлттық банк атынан жалған хат жолдайды.

Ұлттық банктің фирмалық бланкін пайдаланып, жалған құжат жолдаушы алаяқтар көбейген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Ұлттық банк сайтына сілтеме жасап. 

Онда тұтынушы алаяқтың құрбаны болғанын хабарлайды. Алаяқтан қаражатты қауіпсіз түрде қайтару үшін ақша аудару процесінен өтуге кеңес береді. 

Интернет алаяқтары мұндай хабарламаны WhatsApp, электронды пошта арқылы таратады. 

Осыған байланысты Ұлттық банк азаматтарды сақ болуға, күмәнді шоттарға ақша аудармауға, хабарлама келген жағдайда байланыс орталығына 1477 нөміріне хабарласу арқылы нақтылауға шақырады. 
 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар