Жаңалықтар
Биыл жемқорлардан қайтарылған қаржыға 25 мектеп салынады
- авторjambylinfo.kz
- 16 сәуір, 2024
- 625
Биыл Қазақстанда жемқорлардан тәркіленген қаржыға 25 мектеп ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.
Министрлік таратқан мәліметке сүйенсек, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры 76 738 оқушыға арналған 62 мектептің құрылысын қаржыландырады. Бұған дейін 37 мектеп ашылған болатын.
Қор Қазақстанның білім беру саласындағы жобаларды іске асырады. Президенттің тапсырмасы бойынша құрылған қордың қызметі мектеп, оларға қосымша құрылыс нысандарын, интернат сала отырып, мектептегі орын тапшылығын жоюды көздейді. Осы жылы 28 мың оқушы орнына арналған тағы 25 мектепті іске қосу жоспарланған, – деп атап өтті Инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы Марлен Қасенов.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз