Су тасқыны: Халыққа жолданған гуманитарлық көмек ұстағанның қолында, тістегеннің ауызында кетіп жатқан жоқ па?
- авторjambylinfo.kz
- 16 сәуір, 2024
- 839
Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай Құлсарыға барған сапарымда осы мәселемен бетпе-бетпен келгенін жазды.
«Құлсарыда неге әркез дау туады? Негізі, Атыраудың орталық гуманитарлық көмек қоймасында 300 тонна керек-жарақ бұйым, азық тұр. Біз келген күні 15 Фура бірге келді, бұл дегеніңіз кемінде 150 тонна азық. Құлсарының өзіндегі гум. орталық та азыққа лықа толып тұр. Вокзалға келіп тұрған көмекті түсіретін адам жоқ, есепсіз ол қалды. Бұл менің көргенім, ал жергілікті жұрттан көмек алдым деген адам кездестірмедім. Ешқандай тізім де жоқ,-деді журналист.
Сондай-ақ, осы мәселені Қызылжар қаласының тұрғыны, әріптесіміз Ақмарал Жанғалиева көтеріп, гуманитарлық көмекті шын зардап шеккен жандар алу үшін арнайы тізім жасалу керегін алға тартады.
«Тегін келген дүниеге телміру пендешілік қой. Осы кезде таратылып жатқан азық-түлік, киім -кешек пен тұрмыстық заттар өз иесін тапса игі. “Байдың асын байғұс қызғаныпты” демеңіздер, алайда шын мұқтаждарға сол дүние үлестірілсе нұр үстіне нұр болмай ма? Онсыз да далада қалған халықта қазір қауқар қандай? Сондықтан қызыл судан аман өзгеміз гуманитарлық көмекке ала шапқын болмай, мүмкіндігінше соны теңдей үлестіруге үлес қосайық,-дейді ол.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Биыл жемқорлардан қайтарылған қаржыға 25 мектеп салынады
Ұқсас жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы Сауль Альваресті шаршы алаңға шақырды
- авторjambylinfo.kz
- 21 қараша, 2024