сенбі, 15 наурыз, 2025 9:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Біз біргеміз: мейірімділік пен әділеттілік кеші

Біз біргеміз: мейірімділік пен әділеттілік кеші
Ашық дереккөз
Жамбыл облыстық кітапханасы әлеуметтік әділеттілік күніне орай мүгедектерді оңалту орталығында мейірімділік кешін өткізіп, қатысушыларға танымдық көрме мен мәдени бағдарламалар ұсынды

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 20 ақпан – Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күніне орай, Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының емделушілеріне арнап «Біз біргеміз, берік іргеміз» атты мейірімділік кешін ұйымдастырды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Іс-шарада кітапхана қызметкерлері әлеуметтік әділеттіліктің маңыздылығына тоқталып, оның теңдік пен демократиялық қоғамның негізі ретіндегі рөлін атап өтті. Сондай-ақ, қатысушыларға әділеттілік ұғымының адамзат тарихымен біте қайнасқанын түсіндірді.

Кеш аясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры, жазушы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған «Тау тұлға, дара тұлға – Бауыржан» көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашылар батырдың еңбектерін таныстырып, оның ерлік жолы мен әдеби мұрасын насихаттады.

Сонымен қатар, «Ойланайық, пікірлесейік» айдары аясында қатысушыларға түрлі сауалдар қойылып, пікір алмасу ұйымдастырылды. Кеш әсерлі әндермен жалғасып, орталық бейімдеушілері ортаға шығып, би билеп, көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар