"Бізге бала туып бергісі келетін қыздар көп": "Колобоктың" әйелі жан сырын ақтарды
- авторjambylinfo.kz
- 17 шілде, 2024
- 1.6k
Белгілі әзілкеш, блогер Елдос Кәдірхановтың әйелі Таңшолпан Шотаева
"Әсембике” бағдарламасына сұхбат беріп, жеке өмірі туралы сұрақтарға жауап берді, деп жазады Jambylinfo.kz.
Таңшолпан Шотаева жолдасы екеуі бала сүю үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырған.
“Елдостың диагнозын екеуміз үйленбей тұрған кезде білдім. Ол кезде қатты мән бермедім. Қазір медицина дамыған заманда, ЭКО арқылы да көтеруге болады. Онда тұрған ештеңе жоқ деп ойладым. Кішкентай күнінде отаны сәтсіз жасап, осындай диагнозы пайда болды. ”Үйленгеннен кейін түрлі дәрігерге қаралдық. Түркияға барып, емделіп келдік. Қайта-қайта ота жасады. Нәтижесіз аяқталғанда екеуміз де қатты қиналдық. Бір-бірімізге қолдау білдіріп, келе жатырмыз,- деді ол.
Instagram желісінде 2 миллионға жуық оқырманы бар блогер оқырмандар тарапынан жеке басына қатысты көп сұрақ пен ұсыныс келіп түсетінін айтқан.
"Елдостың басын босат. "Мен оған бала туып беремін!" деген сынды түрлі сұрақтар мен ұсыныстар келіп жатады", -деген ол қазіргі кейбір қыздардың қатыгездігіне қатты таңқалатынын жасырмаған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024