жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 17:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Біреудің дауысын салмаңыз!». Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

«Біреудің дауысын салмаңыз!». Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Фото - ашық дереккөзден
Жамбылда мұндай 13 дерек тіркелген

Полиция елімізде алаяқтықтың тың түрі пайда болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Құзырлы органның дерегінше, алаяқтар мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарды бұзып, хат-хабарлардағы қолжетімді дыбыстық үлгілерді пайдаланып аккаунт иесінің дауысын жасайды және барлық чаттарға ақша жіберуді сұрайтын қысқаша  дыбыстық хабарлама жібереді екен.

Бұл жағдайда екі адам - дыбыстық хабарламаны  алған және атынан жіберілген адам құрбан болады.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен шоттарды бұзып, жәбірленушінің туыстары мен достарына ақша сұрап хабарлама жіберген алаяқтықтың 13 дерегі анықталды.

Алаяқтардың құрбаны болмас үшін полицейлер дыбыстық хабарламаларды тыңдағаннан кейін бірден өшіруді, барлық хат-хабарларды автоматты түрде жоюды, интернет желісіне дыбыспен бейне жібермеуді, жақын адамдарыңызбен осындай жағдайлардың алдын алу үшін құпия сөздер ойлап табуды ұсынады.

  • Егер, сіз осындай дыбыстық немесе әдеттегі хабарламаларды туыстарыңыз бен жақындарыңыздан алсаңыз, полиция қызметкерлері алдымен басқа да байланыс құралдары арқылы хабарласуды ұсынады. Уақытты жіберіп аламын деп қорықпаңыз, сәл кідіріп, сақтанғаныңыз дұрыс. Әлеуметтік желілердегі деректерді жасырып ұстаңыз, дауыс үлгілеріне және достар тізіміне бөгде адамдардың кіруін шектеңіз. Мұндай сақтық әрекеттеріңіз алаяқтардың қулықтарына түсіп қалу қаупінің алдын алуға көмектеседі,- деді ПД баспасөз қызметі.
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар