Бразилиялық футболшы Италияда топтасып адам зорлағаны үшін түрмеде 9 жыл жазасын өтейді
- авторjambylinfo.kz
- 22 наурыз, 2024
- 670
«Бейсенбі күні кешке федералды полиция Робиньо деген атпен белгілі Робсон де Соузаны тұтқындауға ордер берді», - делінген полицияның мәлімдемесінде.
40 жастағы Робиньо Сан-Паулу штатындағы өзінің туған қаласы Сантeстағы пәтерінде қолға түсті. Бұған дейін жергілікті судья оның төлқұжатын тәркілеп, елден шығуына тыйым салған.
2017 жылы италиялық сот футболшыны және тағы бес адамды 2013 жылы Миландағы түнгі клубта Албанияның 22 жастағы қызын зорлағаны үшін кінәлі деп тауып, футболшыны тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Робиньо тағылған айыпты жоққа шығарып, үкімге апелляциялық шағым түсірді, бірақ апелляциялық инстанциялар оны өз күшінде қалдырды.
2022 жылдың қаңтарында Италияның Жоғарғы кассациялық соты үкімді растап, содан кейін Италияның Әділет министрлігі футболшыны қамауға алуға халықаралық ордер берді.
Италия билігі Робиньоны экстрадициялау туралы өтініш жіберді, бірақ Бразилия өз азаматтарын шет елге беруден бас тартты.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы Сауль Альваресті шаршы алаңға шақырды
- авторjambylinfo.kz
- 21 қараша, 2024