Отандық кәсіпкерлер Қытайға $75,2 млн сомасына өнім жеткізеді
- авторjambylinfo.kz
- 22 наурыз, 2024
- 649
Қазақстан Қытаймен тауар айналымын $40 млрд дейін жеткізуге ниетті. 2023 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық өнімнің Қытайға экспорты 12,6% - ға өсіп, 14,7 млрд құрады. Өткен жылдың өзінде импорттық жеткізілім көлемі 50,5% - ға артып, $16,8 млрд болды.
"Біз үшін Қытай нарығы-қазақстандық өнімнің сенімді тұтынушысы. Отандық кәсіпорындар Қытайдың сатып алушыларына $1 млрд астам сомаға 135 қосымша тауар позициясы бойынша өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы тауарларының кең ассортиментін ұсынуға дайын", - деп атап өтті ҚР Сауда және интеграция министрі.
Чэндудағы кездесулер мен келіссөздердің қорытындысы бойынша қазақстандық бизнес $75,2 млн сомасына күнбағыс, соя, мақсары майы, кондитерлік өнімдер, жемшөп ұны және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге экспорттық келісімшарттарға қол қойды. "Қостанай ұн тарту компаниясы" ЖШС мен Pan Asia Forward Sichuan International Trading, "Нан СНАБ" ЖШС және Pan Asia forward Sichuan International Trading арасында ауыл шаруашылығы тауарларын сатып алу туралы келісімдер жасалды. "QazTrade" ЖШС мен China Co-op Group Сычуань кооперативтік жабдықтау және өткізу жүйесі, сондай-ақ Сычуань провинциясының Паназиялық инвестициялық-дамыту тобы арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы Сауль Альваресті шаршы алаңға шақырды
- авторjambylinfo.kz
- 21 қараша, 2024