жексенбі, 28 сәуір, 2024 12:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Олжас Бектенов отандастарды  Наурыз мейрамымен құттықтады

Олжас Бектенов отандастарды  Наурыз мейрамымен құттықтады
Олжас Бектенов - ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов ұлттық мерекемен қазақстандықтарды құттықтап, ізгі тілегін білдірді,  деп хабарлайды  Jambylinfo.kz  Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

«Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Тіршілік атаулыны түлетіп, жер-жаһанға ізгілік нұрын себетін Әз-Наурызды еліміз дархан пейілмен, жаңаша мазмұнмен атап өтуде. Бағзыдан ырыс пен берекенің алтын арқауы, молшылық пен игіліктің қайнар бастауы болған ұлық  мереке – халқымызды мұратқа жеткізер мызғымас бірліктің, іргесі берік, еңсесі биік елдіктің жаршысына айналды. Жаңарған жыл кемел келешектен үкілі үміт күткен еліміз үшін жасампаз істерге әрі табысқа толы болғай. Әр шаңырақтың ырзық-несібесі артып, арман-мақсаттары орындалсын. Рухани құндылықтарымызды дәріптейтін Наурыз мерекесі құтты болсын. Қашанда отбасыларыңыздан шаттық пен молшылық кетпесін! Ұлыс оң, ақ мол болсын!»,- дейді Олжас Бектенов

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар