дүйсенбі, 1 шілде, 2024 0:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ҰБТ-дан 140 балл жинаған ауыл баласына көлік сыйлады

ҰБТ-дан 140 балл жинаған ауыл баласына көлік сыйлады
Сурет: Еңсебек Жаннұрдың әлеметтік желідегі парақшасынан алынды
Еңсебек Жаннұр қуанышты хабарды өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірде-бір сұрағынан мүдірмей, максималды балл жинаған Еңсебек Жаннұр темір тұлпарға ие болды, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Еңсебек Жаннұрға темір тұлпарды білімін шыңдап, ҰБТ дайындаған
"Juz40" білім беру орталығы сыйға тарту еткен. 

"Қуанышымда шек жоқ. ҰБТ-ға "Juz40"  білім беру орталығында дайындалдым. Шүкір, үміт ақталды. "Hyundai Sonata"
автокөлігін сыйлаған орталыққа көп рақмет', -деді ол. 

Еске салайық, Ұлттық бірыңғай тестілеуде рекорд орнатып, 140 балл жинаған  Еңсебек Жаннұр Алматы облысы, Талғар ауданы, Қарабұлақ ауылының №22 жалпы білім беретін орта мектебінің түлегі.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар