Бүгін Парламент палаталарының депутаттары VIII сайланымдағы 2-сессияны аяқтап, каникулға кетті, деп жазады jambylinfo.kz.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлім еткендей, сессия барысында депутаттар 179 заң жобасын қарап, оның 102-сін қабылдаған. Сонымен қатар, мәжілістің 39, сенаттың 43 отырысын өткізген.
«Осы сессияда зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік тұрғыдан қорғау мәселесін шеше алдық. Қабылданған заң өндірісте жұмыс істейтін 400 мыңнан астам адамның көптен күткен мәселесіне нақты жауап болды. Соңғы жылдары жылумен, электрмен жабдықтау саласындағы проблемалар жиі көтеріле бастады. Біз авариялардың, жылумен қамтамасыз ету жүйесіндегі ақаулардың куәсі болдық. Бұл – жылдар бойы қордаланған проблемалар. Өңірлерде жабдықтардың 80 пайыздан астамы тозған. Парламент қабылдаған жылу энергетикасы туралы заң аталған саладағы жағдайды біршама жақсарта түспек. Осылайша, біз жылумен жабдықтаудың барлық кезеңі бойынша – өндірістен бастап тұтынушыға қызмет көрсетуге дейін заң жүзінде жауапкершілік енгіздік», - деді Ерлан Қошанов.
Енді депутаттар жаз бойы өңірлерді аралап, халықпен кездеседі.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
ҰБТ-дан 140 балл жинаған ауыл баласына көлік сыйлады
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024