Сербияда өтетін EgeO әлемдік олимпиадасына биыл 6 қазақ оқушысы қатысады
- авторМағжан Орынбасар
- 28 маусым, 2024
- 526
Сербияның Белград қаласында оқушылар арасындағы халықаралық ең ауқымды EGeO олимпиадасына қазақстандық 6 оқушы қатысады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Географиядан Еуропалық EGeO олимпиадасы 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Білімділердің бағын ашқан сайыс 28 маусым мен 4 шілде аралығында өтеді. Биыл ауқымды олимпиадаға елімізден 6 оқушы барады. Бұған дейін де Қазақстан бұл білім бәйгесінен жүлдесіз келген емес. Мәселен, өткен жылы еліміздің жас географтары 6 медаль жеңіп алды.
Биыл Қазақстанның ұлттық құрамасына олимпиадалық резервтің алты мүшесі енді. Олардың тізімі мынандай:
Ақжол Болат — Талдықорған қаласындағы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;
Арсен Сыдықов — Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы;
Қанат Серікбай — Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы;
Жомарт Сабыр — Жамбыл облысындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Андрей Енбахтов — Қостанай ФМБ НЗМ 9-сынып оқушысы;
Амир Дарынов — Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы.