дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 3:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Баяғы жартас – бір жартас»: Ерлан Қошанов үкіметті сынға алды

«Баяғы жартас – бір жартас»: Ерлан Қошанов үкіметті сынға алды
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
Оның айтуынша, депутаттар сауалдарына тиісті жауап ала алмайды

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов депутаттық сауалдарға жауап беретін үкімет пен мемлекеттік органдарды сынға алды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Депутаттық сауалдарға берілетін жауаптарға да арнайы тоқталып өткім келіп отыр. Мемлекеттік органдардың депутаттық сауалдарға беретін жауабы депутаттардың көңілінен шыға бермейді. «Баяғы жартас – бір жартас». Сырғытпа, үстірт жауап беріледі, нақтылық жоқ. Оның артында қаншама азаматтың тағдыры, талап-тілегі мен мұң-мұқтажы тұрғанын түсінген жөн», - деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс төрағасы Үкімет осы айтылған мәселелерге назар аударуы керек дейді.

«Біздің жұмысымызда сайлаушылармен тығыз байланыс орнатуға ерекше көңіл бөлінеді. Осы сессияда Парламент депутаттары 800-ге жуық елді мекенді аралап, 2 000-ға жуық кездесу өткізді. Депуттар сайлаушылардың мәселелерін өз депутаттық сауалдары арқылы жеткізіп отырады. Мысалы, осы сессия барысында Сенат пен Мәжіліс депутаттары Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдарға 727 депутаттық сауал жолдады. Сондай-ақ Мәжілістің қоғамдық қабылдау қызметі депутаттар мен халық арасындағы дәнекерге айналды. Сессия басталғалы бері қоғамдық қабылдау қызметіне 2 мыңнан астам адам жүгінді. Сонымен қатар депутаттарға тұрақты түрде өтініштер де келіп түседі. Осы сессияда 47 мыңнан астам азаматтың хаты қаралды», - деді палата спикері.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар