Жаңалықтар
«Ертерек үйленуім керек еді...»: актёр Аян Өтепберген жігіттерге 19-20 жаста үйленуге кеңес берді
- авторИндира Тәліпқызы
- 28 маусым, 2024
- 1.2k
Бұл туралы ол «1001 түн» бағдарламасында айтқан
Актёр, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Аян Өтепберген кеш үйленгеніне өкініш білдіретінін айтып, жігіттерге 19-20 жаста отау құруға кеңес берген, деп жазады jambylinfo.kz.
Актёрдің айтуынша, отбасылық өмірде береке бар.
"Иә, өте ерте үйленуім керек еді. Отбасылық өмір әдемі екен. Егер мені 19-20 жастағы жігіттер көріп отырса, тезірек үйленіңіздер деп айтар едім", -дейді актёр.
Аян Өтепбергеннің пікірінше, мына дүниеде барлық жетістікке өмірлік серігіңмен бірге жетуге болады.
Еске салайық, актёр былтыр, яғни 2023 жылы 32 жасында шаңырақ көтерген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024