жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 23:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Дәстүр» фильміне неліктен "Нұрсұлтан, Болат, Ханшатыр" атаулары пайдаланылған? Сценарист жауап берді

«Дәстүр» фильміне неліктен "Нұрсұлтан, Болат, Ханшатыр" атаулары пайдаланылған? Сценарист жауап берді
ашық дереккөзі
«Дәстүр» фильміне неліктен "Нұрсұлтан, Болат, Ханшатыр" атаулары пайдаланылған? Сценарист жауап берді
Бүгін Таразда еліміздің  кинотеатрларында көрсетіліп, кең танымалдылыққа ие болған «Дәстүр» фильмінің актерлары және сценарисімен фан-кездесу өтті.  Шараға қатысқан Жамбылинфо журналистері кино сценарисі Алдияр Жапархановтан сұхбат алды. Көпшіліктің назарына іліккен фильмдегі «Нұрсұлтан, Болат, Ханшатыр, Бәйтерек, Болашақ» атаулары сценарийге бекерден алынбаған екен. Бұл туралы Алдияр мырза былай түсіндірді:
«Кореяның «Паразиты» фильмін көрген шығарсыздар? Ол жақта бай және кедей отбасы туралы көрсетіледі. Сол жерде байлардың тегі «Пак», ал  кедейлердің тегі «Ким» болған. Және кино салада бұл тәсіл «Сөйлейтін есімдер(говорящие имена)» деп аталады.Егер Корей елінің тарихын қарайтын болсақ Оңтүстік Кореяның бүкіл президенттерінде фамилиялары Пак болған, статистикаға сүйенсек кедей халықтың тегі көбінесе Ким болған. Яғни, фильмге осы нәрсе арқау болған. Сондықтан «Дәстүр»-дің сценарийін жазған кезде , біз осы тәсілді қолдандық. Яғни, «Нұрсұлтан, Болат, Ханшатыр,Нұрлы» атаулары бекер пайдаланылған жоқ. Астары бар»,-деді сценарист.
  Әдетте Қазақстанда көрермен көңілінен шыққан фильмдердің міндетті түрде жалғасы түсіріледі. Бір аптада бір миллиард жинаған «Дәстүр» фильмінің де жалғасы болады ма?  Алдияр Жапарханов былай жауап берді:
«Қазір барлығын ашып айтпай-ақ қояйын. Бірақ 80 %-ға «Дәстүр»2 болатын шығар. Бірақ бірінші фильмге қатысы жоқ. Басқа жағдай, басқа оқиға болады. Қазір жазу үстіндеміз. Оған тәжірибелі авторларды жинап жатырмыз. Қазақстанда үлкен проблема бар. Сценарист табу қиын. Елімізде комедия өте көп түсіріледі. Драма, хоррор жанры аз. Қазір жұмысты бастадық, «Дәстүр» 2 бұйырса қазан, қараша айларында шығып қалады» ,- деді кино сценарисі.
   
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар