бейсенбі, 20 маусым, 2024 13:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жоғалған балықшыларды тікұшақпен іздеуде

Жоғалған балықшыларды тікұшақпен іздеуде
ашық дереккөзі
Жоғалған балықшыларды тікұшақпен іздеуде
  Оқиға орнына Жамбыл облысы ТЖД тиісті күштері мен құралдары жедел жетіп, бүгінгі күнге дейін іздестіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Жамбылинфо облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ауа-райының қолайсыздығына  байланысты іздеу жұмыстары күрделенуде. Қазіргі уақытта Билікөл көлінің маңында жүрігізіліп оытрған іздестіру жұмыстарына Жамбыл облысы ТЖ департаментінен 17 адам жеке құрам мен 2 бірлік автотехника жұмылдырылып, 5 бірлік суда жүзу құралдары мен 3 дана дрон қолданылуда. Сондай-ақ, су қоймасының периметрі бойынша көл жағасындағы іздеу жұмыстарына «Лидер.кз» қозғалысының еріктілері тартылып және жергілікті тұрғындар да іздеу жұмыстарына катысты.   18 қаңтарда Департамент басшылығы ТЖМ тікұшағы бортымен іздеу жұмыстарын жүргізді. ТЖ департаментінің мамандары жоғалған балықшылардың туыстарымен және жергілікті тұрғындармен түсіндіру сипатындағы әңгімелесулерді жүргізді.Қазіргі уақытта іздеу нәтиже бермеді. Алайда  Іздестіру жұмыстары одан әрі үздіксіз жүргізілуде.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар