сәрсенбі, 23 қазан, 2024 18:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Кәсіпкерді телефон арқылы қорқытқан полиция басшысы қызметінен айырылды 

Кәсіпкерді телефон арқылы қорқытқан полиция басшысы қызметінен айырылды 
ашық дереккөзі
Кәсіпкерді телефон арқылы қорқытқан полиция басшысы қызметінен айырылды 
Қарағанды облысы Приозерск қаласында кәсіпкерді телефон арқылы қорқытып, жұмысына кедергі қойған полиция бөлімінің басшысы жұмысынан босатылды, деп хабарлайды jambylinfo.  Бұл туралы Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
“Приозерск қаласының прокуроры әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында анықтағандай, қалалық Полиция бөлімі бастығының мейрамхана әкімшісіне бақылаушы-қадағалаушы органдардан тексеру жіберемін деп қорқытып, Жаңа жыл қарсаңында жұмыс істеуге тыйым салған. Әңгіменің жазбасы әлеуметтік желіге тараған.Тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасы Конституциясының кәсіпкерлік қызметпен айналысу еркіндігіне кепілдік берілетіні туралы 26-бабының талаптарын бұзу фактісі анықталды”,-деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.
Тәртіптік комиссия Приозерск қаласы Полиция бөлімінің бастығын атқаратын қызметінен босату туралы шешім қабылдаған.
“Қазір тиісті материалдар ҚР ІІМ-ге жолданды. Сонымен қатар, аталған Полиция бөлімінің 5 лауазымды тұлғасы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды”,-деп хабарлап отыр Қарағанды облысының прокуратурасы.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар