сейсенбі, 22 қазан, 2024 22:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ДДҰ неге Қазақстанның коронавирусқа қарсы вакцинасын мақұлдамай отыр?

ДДҰ неге Қазақстанның коронавирусқа қарсы вакцинасын мақұлдамай отыр?
ашық дереккөзі
ДДҰ неге Қазақстанның коронавирусқа қарсы вакцинасын мақұлдамай отыр?
Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова бүгін журналистердің осы сұрағына жауап беруге тырысты, деп хабарлайды jambylinfo. Есмағамбетова мәлім еткендей, Қазақстан коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан сол қалпы мақұлдата алмаған. Өйткені, елімізде вакцина толық циклді жүйе бойынша өндірілмеген. «Біз бұған дейін де бірнеше рет айтқанымыздай, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан мақұлдау алу үшін вакцинаны толық циклде өндіруіміз керек. Яғни, биомассадан бастап оны құтыға құйғанға дейінгі процесс толық өз елімізде жасалу керек. Қазір біз екпені құюға арналған GMP-сертификатын алдық. Енді биомасса дайындайтын зауыттың екінші кешенінің құрылысы аяқталу керек», - деді Есмағамбетова. Вице-министрдің айтуынша, егер Қазақстан осы кешеннің құрылысын аяқтап, GMP-сертификатын толық алған соң коронавирусқа ғана емес, басқа да вакциналарды өндіре алады. Ал, кезінде «Спутник V» вакцинасын шығарған Қарағандыдағы зауыт қазір қандай қызмет атқарады деген сұраққа жауап бере отырып Есмағамбетова зауыт қазір штатты кестеде жұмыс істеп тұрғанын хабарлады. «Бұл зауыт әуел баста дәрі-дәрмек өндіретін еді. Бірақ, коронавирус үдеген кезде біз «Спутник V» вакцинасын шығару үшін өндірістік базасын пайдаландық. Қазір бұл зауыт қалыпты жұмысына қайта оралды, яғни, дәрі-дәрмек шығарады», - деді Есмағамбетова Сенатта.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар