сейсенбі, 22 қазан, 2024 20:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Оңтүстік Африканың адамдары асырап алған 30 қазақ баласынан хабар-ошар жоқ

Оңтүстік Африканың адамдары асырап алған 30 қазақ баласынан хабар-ошар жоқ
ашық дереккөзі
Оңтүстік Африканың адамдары асырап алған 30 қазақ баласынан хабар-ошар жоқ
1999-2011 жылдар арасында Қазақстаннан Оңтүстік Африка еліне кеткен 30 баладан, АҚШ азаматтары асырап алған 104 бала мен Бельгияға кеткен 113 баланың тағдыры туралы мәлімет жоқ. Бұл туралы бүгін Сенатта Бас прокуратураға депутаттық сауал жолдаған Дархан Қыдырәлі мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo. Сенатор Бас прокуратура 2014 жылы шетел асқан балалардың тағдырына алаңдаушылық білдіріп, арнайы тексеріс жүргізгенін, соның аясында жетім балалар мен оларды асырап алуға ниет білдірген азаматтардың бірыңғай мәліметтер жүйесін құруды ұсынғанын еске салды. Бірақ, Қыдырәлінің айтуынша, ол тексерістің нәтижесі жария етілмеген. «Бұл тексерістің нәтижесі және қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы бізге беймәлім. Айталық, Оңтүстік Африка, Кения, Филиппин, Мексика, Мальта, Аргентина сияқты елдерге кеткен 120 бала бақылауға алынды ма? Бірыңғай мәліметтер жүйесі құрылды ма?»,- деп сұрады Дархан Қыдырәлі. Оның айтуынша, Қазақстан шетел азаматтары асырап алған балалардың құқықтарын қорғау мақсатында 2010 жылы «Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы Конвенцияны» ратификациялаған. Конвенцияға қол қойған соң, шетел асатын балалардың саны да азайған. Яғни, Дархан Қыдыәлі атап өткендей, Конвенцияға қол қойғаннанбері шетелдік азаматтар 158 қазақстандық баланы асырап алған. Соның ішінде 2013-2019 жылдары 157 бала шетел асса, соңғы 4 жылда 1 бала сыртқа шыққан. «Көрсеткіштің күрт төмендегені әрине қуантады. Алайда, «Конвенцияға қол қойғанға дейін, 1999-2011 жылдар арасында шетелдіктер 8 805 баланы асырап алған. Олардың 5 217-сі қазір кәмелеттік жасқа толуына байланысты есептен шығарылған. Кәмелетке толмаған 3 588 бала туралы мәлімет- есеп алынып тұрады. Өкінішке қарай есеп бермейтіндер де аз емес. Мәселен Оңтүстік Африка еліне кеткен 30 баладан хабар-ошар жоқ. Сол сияқты АҚШ-тағы 104, Бельгиядағы 113, т.с. баланың тағдырын білмейміз. Ең сорақысы, 1999 жылға дейін елімізден қанша жетім баланың шетелге кеткені туралы мүлдем мәлімет жоқ», - деген сенатор Бас прокуратураға осы мәселені назарға алу керек екенін ескертті.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар