Жаңалықтар
ДДСҰ: Метапневмовирус COVID-19 секілді қауіпті емес
- авторСадуақас Айсұлу
- 8 қаңтар, 2025
- 654

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі Маргарет Харрис мәлімдеме жасады
«Метапневмовирустың» тарауы қауіп төндіріп тұрған жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі Маргарет Харрис Женевада өткен баспасөз мәслихатында осылай деді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның мәлімдеуінше, Қытайда бұл инфекцияға шалдығу деңгейі қыс маусымындағы қалыпты нормадан асып кетпеген. Осы аурумен госпитальге түскендер саны былтырғыдан көп емес. Әлем ақпарат құралдарының хабарлауынша, Қытайда қазір адамға тән метамневмовирус өршіп тұр.
Аталған вирусты жұқтыру деректері біздің елде тіркелген еді. Денсаулық сақтау министрлігі 30 адамнан анықталғанын бұған дейін хабарлаған болатын. Ал Оқу-ағарту министрлігі мектептерде 3-тоқсан дәстүрлі форматта жалғасады деді.
Келесі мақала
Таразда ер адам өз-өзін өлтірмек болды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Әскери институттарға құжат қабылдау 31 шілдеге дейін жалғасады
- авторСадуақас Айсұлу
- 15 шілде, 2025